Алматыда комфортты дамыту және қаланы абаттандыруды жақсарту үшін 2019 жылдан бастап «Халықтың қатысу бюджеті» жобасы іске асырылуда.Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданында халықпен кездесуі барысында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Биыл бұл жоба бойынша Бостандық ауданы үшін қаржыландыру көлемі 58%-ға 766 млн теңгеге дейін ұлғайды (2021 жылы 483,8 млн теңге).
«Бостандық ауданы тұрғындарының ұсыныстары бойынша 21 жоба іріктелді. Онда балалар және спорт алаңдарын, Гагарин, Масанчи, Бұқар Жырау бульварын, Қазақ мемлекеттік циркі және Қазақ ұлттық университеті, №10 мектеп жанындағы скверлерді, Тимирязев көшесіндегі тротуар аймағын, жасыл аймақтарды суару құбырларын ағымдағы жөндеу көзделген», – деді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Биыл 80 аула аумағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Осы жылдың 31 тамызына дейін Абай даңғылынан №1 тұндырғышқа дейін ұзындығы 5,7 км-ге созылатын Үлкен Алматы өзенінің арнасын реконструкциялауға,«Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндерінің кешеніне іргелес жатқан аумақты нығайту жұмыстарын жүргізе отырып, қайта құруға, сондай-ақ екпе ағаштар үшін 2 көшеттіктің жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу аяқталады.