Таза таулар: қоқыс жинап, түскі асты тегін ал

24.04.2024 22:14

Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше эко-акция өтті

Алматы әкімдігі / пресс-служба акима Алматы

Қалалық туризм басқармасы Almaty Tourism Bureau-мен бірлесіп, қала тұрғындары мен оның қонақтарын 30 сәуір күні сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін «Аюсай» мен «Горельник» визит-орталықтарының аумағында өтетін «Таза таулар: қоқыс жинап, түскі асты тегін ал» акциясына шақырады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Акция «Алматы - біздің ортақ үйіміз» жалпықалалық науқаны аясында өтеді. Шара жергілікті тұрғындар мен әлемнің түкпір-түкпірінен келетін туристердің сүйікті демалыс орнына айналған Іле Алатаудың бірегей табиғатының тазалығын сақтауға бағытталған.

Акцияға қаланың барша тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. «Аюсай» мен «Горельник» визит-орталықтарының аумағында Visit Almaty стендтері қойылады. Мұнда нұсқаулықтар мен кеңес беру шарасы жүргізіледі. Қатысушылар қоқысты дорбаға салып, оны Visitalmaty стендтері тұрған жерден тегін түскі асқа айырбастай алады.

Іс-шараға қатысу үшін ыңғайлы қорғаныс киімі мен аяқ киім, бас киім, ауыз су, күннен қорғайтын көзілдірік пен крем алу керек.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін: +7 701 727 6672 (Жәнібек), +7 747 272 0098 (Асылхан).

Естеріңізге сала кетейік, 8 сәуір мен 8 мамыр аралығында Алматыда «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны өтіп жатыр. Әрбір тұрғын қаланың дамуы мен абаттандырылуына өз үлесін қоса алады.

Барлық ақпарат almaty.kz сайтында, Алматы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде орналасқан. Сондай-ақ, веб-сайтқа арнайы QR-код арқылы қала бойынша орналастырылған баннерлерде, плакаттарда және афишаларда кіруге болады.

Науқанның белсенді қатысушыларына арналған әлеуметтік желідегі хэштегтер: #АлматыНашОбщийДом, #НасМногоГородОдин, #АлматыБіздіңОртақҮйіміз, #БізКөппізҚалажалғыз

Оқи отырыңыз: Алматы – біздің ортақ үйіміз: Алатау ауданында велошеру өтті