7 ақпанға дейін «Almaty Gallery» орталығына келіп тегін тамашалауға болады
Алматыда «Шабыт шақырар өлке» атты көрме ашылды. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада белгілі суретші Рашид Құлбатыровтың және қызы Жансаяның озық картиналары қойылған. Қазақ даласының әсем көрінісі бейнеленген суреттерді көргісі келетіндер 7 ақпанға дейін «Almaty Gallery» орталығына келіп тегін тамашалауға болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Көрмеде Қазақстанның түпкір-түпкірінен, кең байтақ жеріміз бен салт-дәстүрімізді көрсететін туындыларымды әкеліп қойып жатырмын», – деді суретші Рашид Құлбатыров.
«Бұл игі бастамадан кейін басқа да біздің ұйымдастыратын іс-шарамыз бар. Солардың бірі осы шара. Қазіргі жағдай тұрақты болатын болса үздіксіз суретшілердің туындылары, көрмелері ұйымдастырылатын болады», – деді қалалық Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Әлиев.