Іле Алатауының баурайындағы алмағайып өлке - мың жылдан астам тарихы мен 2 миллион тұрғыны бар шаһар
Мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов алматылықтарды Қала күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іле Алатауының баурайындағы алмағайып өлке - мың жылдан астам тарихы мен 2 миллион тұрғыны бар шаһар. Бүгінде бұл қала елдің ғылыми, мәдени, тарихи, һәм өндірістік, әрі қаржы орталығы. «Осы мәртебесі - бабалар жолынан бүгінге жалғасты», – деген ел ағасы келешекте де қала келбетін сақтаудың ортақ міндет екенін айтады.
«Алматы менің туып-өскен қалам. Бұл бәріміздің жүрегімізге, санамызға ерекше жақын қала. Маржан тастардың бірі ғой», – деді мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов.