Маршрутты алдын-ала жоспарлап алған жөн
Жол жабыны жағдайын зерттеу қорытындысына сәйкес, Тілендиев көшесінің Сәтбаев көшесінен Төле би көшесіне дейінгі ұзындығы 1,7 км шақырым учаскесі енгізілді. Бүгінгі күні Сәтбаев көшесінен Қарасай батыр көшесіне дейінгі учаскелерде жұмыс аяқталып, көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
8 қыркүйек сағат 23:00-ден 9 қыркүйек сағат 06:00-ге дейін жол жабынына орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Тілендиев көшесінің бойымен Қарасай батыр көшесінен Төле би көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен жабылады.
Жабық учаскені Абай даңғылы, Өтеген батыр, Брусиловский, Төле би және іргелес көшелер арқылы айналып өтуге болады.
Жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысын ұйымдастыру үшін жоғарыда аталған көше учаскесінде патрульдік полиция полкінің 2 экипажы жұмылдырылады.
Жол жөндеу жұмыстары жайлы соңғы жаңалықтар қала әкімдігі мен қалалық мобилділік басқармасының ресми парақшаларында, Almaty_Joly Телеграм-арнасында, сонымен қатар 2ГИС және Яндекс карта қосымшасында қолжетімді.
2023 жылға жоспарланған жұмыстар аясында жол жөнделіп жатыр. Маршрутты алдын ала жоспарлап алған жөн.
Оқи отырыңыз: Алматыда автобустар қозғалысы уақытша өзгереді