Жыл басынан бері 190 млрд теңгеден астам несие сомасындағы 1,5 мыңнан астам жоба мақұлданды
Алматы қаласының экономикасын дамытудың негізгі қозғаушы күші шағын және орта бизнес болып қалып отыр. Қалада экономиканың 46,6%-ын қамтамасыз ететін шамамен 196 мың шағын және орта бизнес субъектілері (өсімі – 0,6%) жұмыс істейді. Жұмыспен қамтылғандардың 62,5%-ы (барлық жұмыспен қамтылғандар – 981,4 мың адам) шағын және орта бизнес кәсіпорындарында еңбек етуде, 29 мыңнан астам жұмыс орны құрылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бизнестің іскерлік белсенділігін сақтау мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды белсенді түрде іске асыру арқылы шешіледі. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін «Бизнестің жол картасы-2025», «Қарапайым заттар экономикасы», «Еңбек», «АӨК», «Алматы Бизнес-2025» секілді бағдарламалар іске асырылуда.
Жыл басынан бері 190 млрд теңгеден астам несие сомасындағы 1,5 мыңнан астам жоба мақұлданды, 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды. 2021 жылға арналған несиелеу бағдарламасының бюджеті 46,1 млрд теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45%-ға көп.
Алматы қаласында кәсіпкерлердің «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына деген белсенді түрдегі қызығушылығы байқалады. Атап айтқанда, 2020 жылы бағдарлама шеңберінде High Tech Academy мектебінің құрылысын салу үшін 10 млрд. теңге сомасында несие берілді. Бұл жобалық әдіс негізінде бірегей оқыту бағадарламасымен құрылған жеке инновациялық мектеп, ол оқушыларды қиындықтарды, сондай-ақ бүгінгі күрделі әлемнің белгісіздігін танып-білуге және жауап беруге дайындайды. Мектеп 600 оқушы орнына есептелген, штатта 80 мұғалім бар. Фин сәулетшілерімен әзірленген мектептің жобасы оқу корпусы мен Budokan Almaty спорт және өнер орталығын қамтиды, онда 5 жолға арналған 25 метрлік бассейн, жаттығу залы, ASB GlassFloor бірегей еден жабынымен ойын залы, 12 метрлік өрмелеу қабырғасы, жекпе-жек клубы, теннис корты, волейболға, баскетболға, футболға, шығыс жалғыздық күреске, биге, хореографияға және т.б. арналған залдар бар. Бұдан басқа, мектепте Art орталығы, керамика ательесі, кәсіби жабдықтарымен кино- және дыбыс жазу студиясы, балалар спектальдерінің қойылымына арналған театр жұмыс істейді.
«Біздің ерекшелігіміз сонда, біз оқушыларды академиялық жетістіктері бойынша іріктемейміз. Бірнеше жыл бұрын бізге бірінші сыныпқа ер бала келді, ол қатты тұтығып сөйлейтін, өзінің есімін қиындықпен айтатын, себебі бұрын ол балалар бақшасында психологиялық жарақат алған болатын. Қазір ол бізде 5-ші сыныпта оқиды, тұтығып сөйлемейді, үш тілде – орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді, спортпен айналысады. Біз әрбір баланың, оның ерекшеліктері мен қажеттіліктеріне қарамай, өз орнын табатын және өзін сенімді де, жайлы сезінетін, атмосфераның өзі оның шығармашылығын оятатын кеңістік болғымыз келеді. Сен қандай жетістіктерге қол жеткіздің, ол маңызды емес. Егер сен адам ретінде бақытты болсаң, онда өз айналаңды да, кеңістікті де бақытты ете аласың. Бұл фин технологиясы. Ал, соңғы халықаралық зерттеулерге сәйкес, Финляндия ел тұрғындарының бақыты деңгейі бойынша әлемде бірінші орында тұр. Егер біз мектепте осындай ресурсы бар адамдар дайындай алсақ, онда олар біздің еліміздің белді азаматтары және жәй ғана бақытты адамдары бола алады», – деп High Tech Academy мектебінің директоры Татьяна Магамбетова жоба туралы айтып берді.
2021 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының бюджеті Алматы қаласы үшін 7,1 млрд теңгені құрады, 15 жоба қаржыландырылды.
Үкіметтің бағдарлама шарттарын жақсарту бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өту керек. Бизнес-қоғамдастықтың ұсынысын ескере отырып, биыл мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларға қаржыландыру сомасын арттыру, салалық шектеулерді алып тастау, пайыздық мөлшерлемелерді біріздендіру және төмендету, кіші және шағын кәсіпкерлікті несиелеу үшін жаңа бағыттар енгізу және кепілдіксіз несиелеу секілді бірқатар өзгерістер енгізілді.
Жеңілдетілген несиелермен қамтамасыз ету үшін, мемлекеттік бағдарламалардан басқа, Алматыда «Almaty Business-2025» өңірлік бағдарламасы жұмыс істейді, ол бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасауға, қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге, инфрақұрылымды дамытуға, оқытуға, кәсіпкерлерді сүйемелдеуге, инвесторларды тартуға бағытталған.
Бизнесті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен құралдары бойынша кеңес беру қызметтерін «Qoldaý» кәсіпкерлік орталығынан алуға болады.