|
16.11.2023 | 17:29
2230

Алматыда 2 ЖЭО газға көшіріле бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасы іске асырылуда

Алматыда 2 ЖЭО газға көшіріле бастады АО «НК «QazaqGaz»

Алматы ЖЭО үшін газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аясында жаңа автоматтандырылған газ тарату станциясы іске қосылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Бұл Мемлекет басшысының Алматы ЖЭО газға көшіру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы алғашқы қадам. Бұл туралы бүгін станцияны іске қосуға арналған іс-шарада Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин айтты.

 - Алматы тұрғындары мен қала экологиясы үшін маңызды күн. Бүгін біз «2-ЖЭО» автоматтандырылған газ тарату станциясын және станция мен ЖЭО қосатын TIP-04 жалғастырғышты іске қосамыз. Жылыту маусымында 2-ЖЭО жыл сайын шамамен 1,5 млн тонна көмір жағып, шамамен 660 мың тонна күл өндіреді. 2026 жылға қарай 2-ЖЭО табиғи газға көшіру ластаушы заттар шығарындыларының жалпы көлемін жылына қазіргі 37 мың тоннадан 3 мың тоннаға дейін төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл Алматы мен Алматы агломерациясының экологиясы жақсартып, азаматтарымыздың өмір сүру сапасын арттырады, - деді Асқар Әмрин.

Әмриннің айтуынша, 2030 жылға дейін өнеркәсіптік және жеке секторларға газ тартылады. Тиісті жобалар қаланы дамыту бағдарламасында және Алматының жаңартылған Бас жоспарында көзделген. Оларды жүзеге асыру қала мен оның айналасындағы экологиялық жағдайды жақсартуға ықпал етеді.

Газ тарату станциясы мен жалғастырғыштарды іске қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары мерзімінен екі ай бұрын аяқталды.

Асқар Әмрин жобаға атсалысқан жұмысшыларға алғыс білдіріп, Алматы мен Алматы агломерациясының тұрғындары тағатсыздана күткен қаланың ЖЭО үшін газ инфрақұрылымын құру жөніндегі ірі жобаны межелі мерзімде сәтті аяқтауды айтып, денсаулық тіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыдағы Археология институтын жаңғырту жұмыстары қалай жүріп жатыр

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир