Алматыда үш ауданда суық су өшіріледі

elements.envato.com
elements.envato.com
Технологиялық жабдықтар ауыстырылады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 29 мамыр күні сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін су құбыры желілерінде технологиялық жабдықтарды ауыстыру бойынша жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство осыған байланысты 24 мамырда келесі мекен-жайлар бойынша суық су беру уақытша шектелетінін мәлімдеді:

Бостандық ауданы, Абай даңғылы – Манас-Тимирязев - Жандосов - Үлкен Алматы өзені- Тимирязев – Жароков – Өтепов – Гагарин даңғылы, "Атакент" көрме кешенінің аумағы;

Алмалы ауданы, Абай даңғылы –Әуезов- Жамбыл-Манас көшелеріндегі алаңдарда; Абай-Әуезов - Төле би - Розыбакиев; Абай - Розыбакиев - Құлымбетов - Тұрғыт Озал шаршы көшелерінде;

Әуезов ауданы, Абай даңғылы- Щепетков - Үлкен Алматы өзені – Сәтбаев- Өтеген батыр 112а, 114 тұрғын үйлер;

Әлеуметтік нысандарға автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылатын болады.

- Бекіту жабдықтары мен басқа да технологиялық жабдықтарды ауыстыру жөніндегі жұмыстарды уақытылы орындау, осы аумақтардағы тұтынушыларды сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Уақытша келтірілген қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз, - деп түйіндеді "Алматы Су".

"Алматы Су" МКК диспетчерлік қызметі: 274-66-66.

Оқи отырыңыз: Алматыда бір тәулікке жолдардың екі учаскесінде қозғалыс жабылады

Новости партнеров