Алматының Бостандық ауданында «Шетсіз қала» бағдарламасы қалай жүзеге асуда

23.09.2020 в 00:30

Бостандық ауданында бас аяғы 376 көше болса, оның 155-інде жарық жоқ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың «Шетсіз қала» бағдарламасы Бостандық ауданында сәтті жүзеге асып жатыр. Бүгін бұл туралы аудан әкімінің орынбасары Серік Әбілтаев онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.  

Соңғы 8 ай ішінде қалаға қосылған елдімекендерде коммуналдық желімен қамту үшін 23 нысанда жұмыс басталды. Барлық жоба сараптамадан өтті. Бостандық ауданында бас аяғы 376 көше болса, оның 155-інде жарық жоқ. Сондай-ақ, 86 аула жарықтандырылмаған. Биыл 120 аула кешенді жөндеуден өтіп, 2 мың жарық бағаны орнатылады. Айта кетейік, бүгін Алматы телеарнасындағы «Akimat live» бағдарламасына Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов қонаққа келеді. Кешкі сағат 20:00-де басталатын тікелей эфирде көкейде жүрген сауалдарыңызды қоя аласыздар! Бағдарлама нөмірі 334-0024 екенін еске сала кетейік.