Алматыда Отан қорғаушылар күніне орай салтанатты шара өтті
Almaty.tv
Сахнада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматыда Отан қорғаушылар күні мен Қазақстан Қарулы күштерінің 30 жылдығына арналған салтанатты шара өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Республика сарайында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев қала басшысының атынан әскери қызметкерлерге, Төтенше жағдайлар департаменті мен полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті.
Олардың бәрі қызмет барысында ерекше көзге түскен қызметкер. Марапатталғандар қатарында қаңтар оқиғасы кезінде адамдарды өрттен аман алып қалған, жаралы сарбаздарды ауруханаға жеткізген тұлғалар да бар.
Марапаттау салтанатының соңы концертке ұласты. Сахнада танымал эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
05.11.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Банк шоты бұғатталған кезде не істеу керек
04.11.2026 18:53
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
05.11.2026 08:43