Алмалы ауданында қандай көшеге жөндеу жұмысы жүргізілді

25.11.2022 22:32

Ағаштың санын арттыру мақсатында 230 жас тал егілді

Almaty.tv

Биыл Алмалы ауданында 15 шақырым 18 көшеге орташа жөндеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ  санитарлық мақсатта  5400 ағаш бұтағын кесті. Жалпы ауданда 223 мың жасыл желектің 25 пайызы қоршаған ортаға қауіп төндіретін санатқа енеді. Ағаштардың санын арттыру мақсатында 230 жас тал егілді.  

«Алмалы ауданының аумағында 110 көше бар. Жалпы ұзындығы 173 шақырым. 2022 жылы  ұзындығы 15 шақырымдық 18 мекенжайда орташа жөндеу жұмысы жүргізілді. Қосымша тұрғындардың өтініші бойынша биыл тамыз айында 3 көше бойында біржақты қозғалыс енгізілді. Қосымша жаяу жүргіншілер қауіпсіздігі үшін 1,3 шақырым тротуар салынды. 8 учаскеге 900 метр тротуар жөнделді. 6 бағдаршам қойылды», – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Әкімхан Төлеген.

Алмалы ауданында жауын-шашын кезінде су басатын 12 участок анықталған.  

«Алмалы ауданы бойынша жаңбыр жауған кезде су басатын 12 участок анықталған. Қазіргі кезде 4 аймақта жұмыс аяқталды. Жылдың аяғына дейін қалған 8 учаскеде іске қосылады. Сондай-ақ Мақатаев көшесіндегі ұзындығы 3,6 шақырым құрайтын коллектор қалпына келтіріледі. Тағы да айтып кетсек, Райымбек даңғылы бойында 1,6 шақырым жаңа канал салынады. Желтоқсан айында 34 шақырымдық арықты жөндеу басталып жатыр», – деді Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Әкімхан Төлеген.

Ауданжда «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 39 жоба жоспарлаған. Соңғы екі жоба айдың аяғына дейін толық бітеді.