«Жаңа жол» салу жобасы арқылы іске асады: Сағынтаев «Көкқайнар» шағын ауданына байланысты тұрғын сауалына жауап берді

11.08.2020 в 22:32

Құрылыс жұмыстарын бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда 2021 жылы бастау жоспарлануда

Almaty.tv арнасынан шығатын Akimat live бағдарламасында Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев қала тұрғынының Алатау ауданы «Көкқайнар»  шағын ауданына байланысты сауалына жауап берді. 

Тұрғын сұрағы: 

– Онлайн оқу жылына дайындық қалай?  Алатау ауданы «Көкқайнар»  шағын ауданында  байланысы жоқ.  Жол жоқ, мәселе шешіле ме?

Әкім жауабы:

– Қазіргі таңда  «Көкқайнар» (Шаңырақ-5) шағын ауданына интернет желісін жүргізу үшін Алатау ауданы әкімінің аппараты тарапынан «Қазақтелеком» АҚ-на  ұсыныс енгізілді. Аталған мәселе 1 қыркүйекке дейін шешімін табатын болады.

Қазіргі уақытта Алатау ауданы Шаңырақ-5 шағын аудандағы жолдардың құрылысына жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

Құрылыс жұмыстарын бюджеттен қаражат бөлінген жағдайда 2021 жылы бастау жоспарлануда.

«Көкқайнар» (Шаңырақ-5) шағын ауданына интернет желісін жүргізу және мәселенің бірігіп тез арада оң шешімін табу үшін Алатау ауданы әкімінің аппараты тарапынан аталған «Қазақтелеком» АҚ-на  ұсыныс енгізілді Аудан әкімдігі мен «Қазақтелеком» АҚ тарапынан аталған мәселе қатаң бақылауға алынып, қазіргі таңда шешімі қарастырылуда.

«Көкқайнар»(Шаңырақ-5) шағын ауданында қазіргі таңда Алматы қаласы Мобилділік басқармасы тарапынан жаңа жол құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Жол жөндеу жұмыстары «Жаңа жол» салу жобасы арқылы іске асатындығын мәлімдейміз. Яғни, құрылыс жұмыстарында асфальт жабыны, жаяу жүргіншілер жолы, арық жүйесі және көше жарығы қарастырылған.

Бұдан басқа бүгінгі күнге дейін «Көкқайнар» (Шаңырақ-5) шағын ауданының көшелерінің жолдарына 60 камаз балласт бөлініп, ұзындығы 2 шақырым құрайтын шағын аудан көшелеріне уақытша жол жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аталған бағыттағы жұмыстар қарқынды жалғасуда.