Мердігер ұйымдарымен бірге техникалық қадағалау ісі анықталып, аудандық маңызды көшелерде жол жөндеу жұмысына дайындық жүргізіліп жатыр
Алматыда жол-құрылыс жұмыстарының маусымы басталды, оның барысында 224 көшеде жол жабынына орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жөнделетін жолдың ұзындығы 200 км, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Биыл Қайрат, Әлмерек, Алғабас, Ақжар және Шаңырақ-1 шағынауданында 70 км жаңа жол салу жоспарланып отыр. Бұл жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы қала жолдарының үлесін 86%-ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.
Бүгінде мердігер ұйымдармен бірге техникалық қадағалау ісі анықталып, аудандық маңызды көшелерде жол жөндеу жұмысына дайындық жүргізіліп жатыр. Аудандық маңызы бар 6 көшеде – Абай даңғылы, Ақсай-2 шағын ауданындағы Алданов, Ақтөбе, Семятов көшесінде өтпелі жолдар, Айриха көшесі (ұзындығы 5,9 км) жөндеу жұмысы басталды. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Әл-Фараби даңғылын жөндеудің орнына Шаңырақ-1, Ақбұлақ және Тастыбұлақ шағынауданындағы көшелер жөнделетін болады.
ШААЖ, Саин, Рысқұлов, Райымбек, Сейфуллин даңғылы және басқа да қаланың күретамы болып табылатын магистралды көшелерді жөндеу жұмыстары оқу жылы аяқталғаннан кейін басталады деп жоспарланды. Жөндеу жұмыстарын осы жылдың 30 тамызына дейін аяқталады. Vision Zero тұжырымдамасына сәйкес орташа жөндеуді жүргізу аясында көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерде трапеция тәрізді жасанды кедергілерді, қауіпсіздік қақпақтарын, қауіпсіздік аралдарын орнату жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, қаланың көше-жол желісінде жөндеу жұмысы жүргізіліп жатыр. 12 бригада, арнайы техниканың 28 бірлігі, 96 қызметкер жұмылдырылды. Магистралды көшелер мен апатты учаскелерде жалпы ауданы 15 мың шаршы метрден астам шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жөндеу барысында 257 люк көтеріліп, 421 метр жиек тегістелді.
Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша қалада жол-құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау күшейтілді. Алматы әкімі мердігер ұйымдарға жол инфрақұрылымының қызмет ету мерзімін ұзарту үшін жаңа технологиялар мен берік материалдарды қолдануды тапсырды. Жол активтері сапасының ұлттық орталығына магистральдық көшелердегі ғана емес, аудандық маңызы бар көшелердегі жұмысқа да бақылауды күшейту тапсырылды.