Қолайсыз ауа райы: Алматының коммуналдық қызметі күшейтілген жүйеде жұмыс істейді

Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Алматы әкімдігі / пресс-служба акимата
Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

13 қазан күні сағат 13:30-дан бастап Алматыда жаңбыр жауа бастады. Синоптиктер қолайсыз ауа райы 14 қазанға дейін жалғасады дейді. Арық желілері арқылы судың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында сағат 08.00-ден бастап 38 патрульді бригаданың шығуы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Су тасқынының алдын алу және жою үшін барлығы 168 бірлік арнайы техника, 23 мотопомпалар және 757 жол жұмысшылары жұмылдырылды. 1800 қап құм  әзірленді. Аудан әкімдіктерінде жұмыс өндірісін бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамы бойынша Алматы қаласында 14 қазан күні  таңға  дейін кейде қатты жаңбыр жауады, биіктігі 10-15 мм, Каменское платода желдің екпіні 15-20 м/с дейін 20 мм дейін, күндіз ауа температурасы +14 градусов+16 градус, түнде +3...+5.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 9-15 қазан аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров