Б. Сағынтаев Алматыдағы Бас консулы М. Фаганимен кездесті

19.11.2020 22:38

Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыдағы Бас консулы М. Фаганимен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv. Бұл туралы қала әкімі өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.  

«Иранның Алматыдағы Бас консулы М. Фаганимен мәдени-гуманитарлық және сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, туризм, медицина, тамақ өнеркәсібі саласындағы өңіраралық ынтымақтастық мәселелерін талқыладық», – деді Б. Сағынтаев.