Ерболат Досаев бүлдіршіннің тұсауын кесті

28.04.2022 в 22:39

Қала басшысының қатысуымен өтіп жатқан кездесуде Ерболат Досаев бүлдіршіннің тұсауын кесіп, тәй-тәй басқан балақайға ақ жол тіледі.

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен өткен кездесуде кішкентай бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қала басшысының қатысуымен өтіп жатқан кездесуде Ерболат Досаев бүлдіршіннің тұсауын кесіп, тәй-тәй басқан балақайға ақ жол тіледі.

Жасы 80-ге келген ақсақал Серік Қармысбаев әкімнің шөбересінің тұсауын кесу туралы өтінішін орындағанына ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Болашақта шөбересінің шаһар басшысы сияқты білікті де білімді азамат болса деген ниетпен өтініш білдірген.

Айта кетейік, бүгін қала әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу өткізіп жатыр.