Алматының ботаникалық бағында БҰҰ 75 жылдығына орай Бейбітшілік аллеясы ашылды

31.10.2020 в 22:40

«Бейбітшілік аллеясы» экологиялық жобасы аясында ағаш отырғызу салтанатты рәсімі өтті

Алматы Ботаника бағында «Бейбітшілік аллеясы» экологиялық жобасы аясында ағаш отырғызу салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Egemen.kz-ке сілтеме жасап.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-жылдығына арналған іс-шараға Алматыда аккредиттелген дипкорпус және халықаралық ұйымдардың 40-тан астам өкілдері қатысты.

ҚР СІМ-нің Алматы қаласындағы Өкілдігінің басшысы Ерлан Ысқақовтың айтуынша, «Бейбітшілік аллеясының» құрылуына ҚР СІМ Өкілдігінің қолдауымен «Алматы Дипломатиялық Клубы» Қоғамдық Бірлестігі болды. Бастаманы іске асыруға Бас ботаника бағы басшылығының, Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Жаһандық экологиялық қордың «Орталық Азия мен Түркиядағы құрғақшылыққа бейім және тұзданған ауыл шаруашылық өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды басқару» Өңірлік жобасы және жоба қатысушыларының белсенді қолдауы түрткі болды.

Алматының «Бейбітшілік аллеясы» 2030 жылға дейінгі БҰҰ Орнықты даму масқаттарын орындау міндеттеріне және тиісті экологиялық саясатқа сәйкес келетін мегаполистің қақ ортасында «Бейбітшілік қоғамдастығының» жайлы оазисін қалыптастыра отырып, мүдделері әртүрлі адамдарды тартатын жаңа орынға айналуы тиіс.