Б. Сағынтаев VI шақырылымдағы депутаттарға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты

15.01.2021 22:41

Мәслихат депутаттарына «Еңбегі үшін» төсбелгісі мен Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттары тапсырылды

Алматы әкімі Б. Сағынтаев VI шақырылымдағы депутаттарға атқарған жұмысы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Кездесу барысында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев өткен VI шақырылымдағы мәслихат депутаттарының жұмыстарын атап өтті және олардың мегаполисті дамытудағы, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен инвестициялық тартымдылықты нығайтудағы бірігіп атқарған жұмыстарына  ризашылығын білдірді.

Ризашылық ретінде VI шақырылымдағы мәслихат депутаттарына «Еңбегі үшін» төсбелгісі мен Алматы қаласы әкімінің алғыс хаттары тапсырылды.