19-20 қыркүйекте бастайды
Алматыда кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашылады. Эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына және карантин шараларының жеңілдетілуіне байланысты, кезең-кезеңімен «демалыс күнгі» жәрмеңкелер ашу туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бірінші кезеңде Бостандық («Қазақфильм» шағынауданы), Әуезов (Абай даңғылы – Өтеген батыр көшесі) және Алмалы (Гоголь – Масанчи көшесі) аудандарының жәрмеңкелері қызметін қайта бастайды. Олар өздерінің жұмыстарын осы демалыс күндері: 19-20 қыркүйекте бастайды.
Қалған «демалыс күнгі» жәрмеңкелерін ашу мәселесі қосымша қаралатын болады.
Барлық нысандарға санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың талаптары (бетперделер мен антисептиктердің, келушілерге арналған термометрияның болуы, әлеуметтік арақашықтықтың сақталуы) қойылады.