Алматыда террорлық қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады

06.02.2022 23:01

Арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимін жүргізуді жалғастырады

inform.kz

Алматыда лаңкестік қауіптің «қызғылт сары» деңгейі алынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Терроризмге қарсы күрес жөніндегі қалалық жедел штаб мәліметінше, Алматы қаласында ахуал тұрақтанған. Осыған орай, 7 ақпан күні сағат 00:00-ден бастап қала аумағынан лаңкестік қауіптің жоғары «қызғылт сары» деңгейін алып тастау туралы шешім қабылданды.

«Арнайы және құқық қорғау органдары қызметтің күшейтілген режимін жүргізуді жалғастырады. Барлық қала тұрғындарына түсіністік танытып, азаматтық жауапкершілік білдіргендері үшін алғыс айтамыз», – делінген хабарламада.