Медеу мұз айдыны шатқалында жаңа визит-орталық ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Демалыс кешені Іле Алатау бөктері маңында орналасқан. Мұндағы тұмса табиғатқа толы көрніс ешкімді бей-жай қалдырмайды. Әсіресе, демалыс күні отбасымен бірге тауға шығып серуендеуге таптырмас мекен. Орталыққа аялдағандар өздеріне қажетті бұйымдарды сатып алса да болады. Одан бөлек, демалушыларға арналған тамақтанатын терассалар да бар.
Сонымен қатар, визит-орталық туристерді де өз ерекешілігімен тәнті ететіні сөзсіз дейді мамандар.
«Соңғы жылдары қала тұрғындары мен қонақтарының таулы аймаққа қызығушылығы артып келеді. Оны осында келіп демалушылардың көптігінен байқауға болады. Сұранысқа сай, қала әкімдігі де экотуризмді дамыту мақсатында түрлі жобаларды іске асырып келеді. Бүгінгі пайдалануға берілген визит-орталық соның дәлелі», – деді альпинист Бағлан Жүнісов.