Ж. Бекшин карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы жариялады

zen.yandex.ru
zen.yandex.ru
Қаулыға сәйкес 2-семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттерiн ерiктi негiзде құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин карантин режимін күшейтуге бағытталған жаңа қаулыны жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv

Қаулыға сәйкес 2-семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттерiн ерiктi негiзде кезең-кезеңімен құрамдастырып оқыту туралы шешім қабылданған. Бұл ретте күшейтiлген санитариялық-дезинфекциялық және бетперде режимi, әлеуметтiк арақашықтық сақталуы керек. Сондай-ақ, 1-курс студенттеріне жатақханада тұруға да рұқсат берілген.

 Жалпы бiлiм беретiн мектептердiң: 1-ден 5-ке дейiнгi (халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін), 9,11,12-сыныптарының оқушыларын, колледждер мен жоғары оқу орындарының 1-курс студенттерiн тамақтандыруды ұйымдастыру міндеті жүктелген.

 Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Новости партнеров