|
06.03.2021 | 17:56
3931

Алматыда желілерді ауыстыру технологиясын бұзғаны үшін мердігерге қатаң санкция салынады

Келесі аптада мердігер жобалық нұсқа бойынша жол жамылғысын қалпына келтіруге міндеттенеді

Алматыда желілерді ауыстыру технологиясын бұзғаны үшін мердігерге қатаң санкция салынады Фото: zakon.kz


Алматыда инженерлік желілерді ауыстыру технологиясының бұзылуы салдарынан өткен жұмада Төле би мен Мұратбаев көшелерінің қиылысында  топырақ шөкті. Жөндеу жұмыстарын қайта жүргізіп  жатқан мердігер ұйымға  лицензиядан айыруға дейін қатаң санкция салынуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасының алдын-ала мәліметтері бойынша, болған жағдайға Төле би көшесі арқылы  тесіп өту әдісі мен қайта жабу кезінде аталған учаскеде технология бұзылған, яғни су және кәріз желілері топырақта  ауа қабатының пайда болуына әкеліп соққан.

Уақыт өте көлік қозғалысы жол төсеміне үнемі жүктеме түсірген, су құбырының жарылуына, соның салдарынан жол жамылғысының шөгуіне әкелген.

ҚҚББ-да түсіндіргендей, реконструкцияны жүргізген жеке фирма ҚР ӘҚБКнің 312-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жағдайда заң тек үлкен айыппұл ғана емес, ҚҚББ атап өткендей, мердігер осындай жұмыстарды жүргізуге арналған лицензиядан айыруы мүмкін.

Құбырдың бұзылуына байланысты тұрғын үйлерге және басқа ғимараттарға судың берілуін «Алматы Су» МКК жедел бригадасы бірнеше сағат ішінде жөндеп, суық сумен қамтамасыз етті.

Көлік қозғалысын қайта қалпына  келтіру үшін топырақ шөккен жердегі су сорылды әрі арнайы  инертті материалмен толтырылды және үстіне бетон құйылды. Ол жер әбден кепкен соң уақытша сызба бойынша  көлік қозғалысын ашуға мүмкіндік туады.

Келесі аптада мердігер жобалық  нұсқа бойынша жол жамылғысын қалпына келтіруге міндеттенеді.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир