Жауын жауып, көктайғақ болады – Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады

Фото: ru.sputnik.kz
Фото: ru.sputnik.kz
Түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алдағы күндері ауа райы бұзылып, көктайғақ болады. Осыған байланысты Алматы әкімдігі жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Қазгидрометтің болжамы бойынша, 13 наурыз күні кешке жауын-шашын аралас жаңбыр мен қар жауады деп күтілуде, күн 17 наурызға дейін жауын-шашынды болады. Ертең, 14 наурызда күндіз +2 градус температурада нөсер жауын-шашын күтілуде. Қалған күндері ауа райы жауын-шашынды болады. Түнде ауа температурасы минус 7 градусқа дейін төмендеуі мүмкін.

Су басып қалудың және  көктайғақтың алдын алу үшін аудандық әкімдіктерде мердігерлік ұйымдардың тәулік бойына кезекшіліктері ұйымдастырылған.

Коммуналдық қызметтердің қар тазалау жұмыстарын жедел әрі сапалы жүргізу үшін, біз автокөлік жүргізушілерінен түсіністікпен қарауды, мүмкіндігінше қаладағы көлік қозғалысын шектеуді және жеке көліктерін жол жиектеріне қоймауын сұраймыз. Қар тазалауға кедергі келтіретін көліктерді эвакуаторлардың алып кететінін ескертеміз.

Егер жеке көлікпен жүрудің шұғыл қажеттілігі туындаса, біз жүргізушілерді жылдамдықты азайтуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты ұлғайтуға және апат қаупінің артуына байланысты кенеттен маневр жасамауға шақырамыз», – делінген хабарламада.


Новости партнеров