Алматыдағы жолдарды жөндеуге бөлінетін бюджет қаражатына қатысты

08.07.2023 23:06

Биылғы жылы 20 млрд теңге қарастырылған

aikyn.kz

Алматы қаласының көше-жол желісін орташа жөндеу жоспары 2022 жылдың 4 тоқсанында аудан әкімдіктері және  тұрғындардың өтініштері бойынша қалыптасты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қала бюджетінде биылғы жылы ұзындығы 200 км 230 көшені жөндеуге 20 млрд теңге қарастырылған. 2022 жылы ұзындығы 189 км 210 көшеге 17,5 млрд теңге соманы құрады. Бұл үшін аудандарға жалпы бюджеттен 500 млн теңге бөлінді.

Бұл ретте ұқсас жұмыс түрлері мен құрылыс материалдарының сметалық құны өткен жылмен салыстырғанда орта есеппен 7-10%-ға өсті. Мысалы, ҚР аумағында қолданыстағы сметалық бағалар жинағына сәйкес 2022 жылы 1 т қиыршық тас-мастикалық асфальтбетонның құны 18 781 теңгені, 2023 жылы 21 002 теңгені (+11%), 2022 жылы 1 т жол битумының құны 168 642 теңгені, 2023 жылы 175 315 теңгені (+4%) құрады), ауыр бетонның құны 2022 жылы 20227 теңге, 2023 жылы - 21863 теңге (+8%), жол жұмысшыларының жалақысы санатына байланысты орташа есеппен 2022 жылы бір адамға 1648 теңге, 2023 жылы - бір адамға 2063 теңге (+20%) құрады.

Жалпы, биылғы жөндеу жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін ағымдағы 86%-дан 89%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.