Мұның түнде жарығы жанып, көше жарықтарымен қосылып, әдемі болып тұрады
Бүгін Түрксіб ауданындағы саябаққа еріктілер арт-жобаны тарту етті. Елдің әр аумағында тұратын азаматтар Алматыға деген ыстық ықыласымызды осылай жеткізгіміз келді, дейді. Олардың айтуынша, «Шексіз махаббат» деп аталатын жобаның идеясы Отанға, әлемге, жақын жандарға деген сүйіспеншіліктен туған, деп хабарлайды Almaty.tv
«Осы аллеяға әкелген себебіміз Алматы-1, Түрксіб ауданында адамдар қызықтайтын жақсы нысаналар аз дегеннен кейін тұрғындардың тілегімен осы жерге қондыруды ұйғардық. Жергілікті әкімшілік бізге рұқсат беріп, осы жерді таңдадық. Мұның түнде жарығы жанып, көше жарықтарымен қосылып, әдемі болып тұрады», – деді арт жобаның ұйымдастырушысы Жүніс Әжіғалиев.