Алматыда қазақ-жапон компаниясы 2500 қорғаныш құралын әкімдікке табыстады

Алматыда қазақ-жапон компаниясы 2500 қорғаныш құралын әкімдікке табыстады
Көп түкірсе – көл
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Көп түкірсе – көл». Елдегі эпидемиялогиялық жағдайға байланысты алматылық кәсіпорын өкілдері бірінен соң бірі қолдарынан келгенше өз үлесін қосып келеді. Соның бірі Қазақстанда 20 жылдан бері арнайы техника саудалап келген қазақ-жапон компаниясы бүгін 2500 қорғаныш құралын әкімдікке табыстады. Онда негізінен медицина мамандарына арналған көзілдірік, қолғап пен бір реттік халат бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Біздің компанияның көмек көрсетуге бағытталған арнайы бағдарламасы бар. Осы ретте біз сол бағдарлама аясында COVID-19-бен күресу үшін қол ұшымызды созғымыз келді. Бұл гуманитарлық көмек аз болуы мүмкін, десе де біз теңізге тамған тамшыдай үлес қосқымыз келді», – деді компанияның департамент директоры Мехмет Иренде.

Ал, қала әкмідігі өз кезегінде Қытайдан тапсырыспен сатып алынған тауардың құжаттарын рәсімдеуге көмектескен. Осылайша 2500 қорғаныш құралдары жақын арада COVID-19 инфекциясымен күресіп жатқан ақ халаттыларға жеткізіледі.  

«Бүгінде бірнеше компания өз көмегін көрсетіп жатыр. Соның бірі, өздеріңіз куә болғандай, кәсіпорын қорғаныш құралдарын беріп отыр. Біз бұларды қалалық Қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесіп, қай медициналық мекемеге қажет екенін анықтаған соң үлестіретін боламыз», – деді «Qoldau» кәсіпкерлерді қолдау орталығының департамент директоры Абай Нұрмұханов.

Новости партнеров