Мақсат – Алматыны туристік қызмет көрсету сапасын арттыру
Алматы бренді жаңадан әзірленеді. Мақсат – Алматыны туристік қызмет көрсету сапасын арттыру. Бұл туралы қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және сараптамалық қоғамдастық өкілдері бас қосқан кездесуде Алматы әкімі жаңа қала брендін дамыту жоспарлары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Біз Алматының және жалпы Алматы агломерациясының туристік әлеуетін толық пайдалануымыз керек. Біз туристік инфрақұрылымды кешенді түрде дамытамыз, оның ішінде жаңа әуежай терминалының құрылысын жүргіземіз, ол жолаушылар ағынын жылына 14 миллионға дейін еселейді, тау шаңғысы курорты мен экотуризм орталығын құрады, қонақ үй қорын кеңейтеміз. Алматыны туристік орын ретінде таныту және туристік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қаланың Discover Almaty жаңа бренді әзірленеді. Біз 2030 жылы шетелдік туристер ағынын 1 миллион адамға жеткізуді жоспарлап отырмыз»,– деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.