Алматыда кейбір жол учаскілері автокөлік қозғалысы үшін жабылады

20.06.2022 в 23:09

Желілерді төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Алматыда Саин-Жандосов көшелерінің қиылысындағы кейбір жол учаскілері автокөлік қозғалысы үшін жабылады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Саин көшесі бойындағы желілерді төсеу бойынша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 20-21 маусым сағат 23:00-ден 06:00-ге дейінгі аралықта, Саин көшесінің аумағындағы аулаларға кіру уақытша жабылатынын хабарлайды (сызбаға сәйкес).

"Қала тұрғындарын мәжбүрлі қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, көрсетілген учаскені айналып өту схемасын алдын ала қарастыруды сұраймыз. Жандосов көшесі 184, 184а, 184б, 184в, 184в/1,186, мекенжайы бойынша көп пәтерлі үйлер", - делінген хабарламада.