Бұл мәселені қалалық мәслихатта талқылау жоспарланып отыр
Ерболат Досаев Алматыдағы бұралқы иттерді ұстау мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Ерболат Асқарбекұлы, Тұңғыш Президент саябағындағы бұралқы иттердің мәселесін шешуге көмек берсеңіз. Балалармен бірге жүруге қорқамыз, - деді қала тұрғыны..
- Бұл мәселені мүмкіндігінше шешеміз. Биыл қалада 200 орындық иттерді уақытша ұстау пункті ашылды, осы жұмысты жалғастыруды жоспарлап отырмыз, - деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.
Бұралқы жануарларды чиптейді, емдейді, бірақ ұзақ уақыт ұстай алмайды. Заң бойынша бізде орталықтандырылған қызмет болуы керек. Аудандық әкімдіктер бұл мәселелерді өз бетінше шеше алмайды. Бұл мәселені қалалық мәслихатта талқылау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 2023 жылдың ақпан айында Алматыда үй жануарларын ұстау мен серуендетудің жаңа ережесі күшіне енді. 2022 жылдың наурызына дейін ұсталған жануарлардың иесі табылғанға дейін үш күн бойы арнайы орында болады, ал ешкім іздемеген жануарлар дәрі-дәрмекпен жансыздандырылады. Енді бұралқы иттер уақытша ұстау пунктінде торға немесе үйшікке орналастырылып, жұқпалы ауруларға диагностикалық зерттеулер жүргізіледі. Тіркелгеннен кейін жануарлардың фотосуреттері @аulau_kyzmeti Instagram парақшасында жарияланады.
ҰҰВБ (ұстау-ұрықсыздандыру-вакцинация-босату) бағдарламасы аясында сұрауы жоқ жануарлар агрессияға тексерілгеннен кейін бирка тағылып, бұрынғы жеріне жіберіледі.