Бүгін Алматы қаласында ағартушылық және мәдени орталықтарының біріне айналатын Александр Невскийдің жаңадан салынған ғибадатханасына қастерлеу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Рәсімге Қазақстан Православ шіркеуінің басшысы Астана және Қазақстан митрополиті Александр және Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров, Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Евгений Бобров, православ дін өкілдері қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров Алматы әкімі Б. Сағынтаевтың атынан Қазақстан Православие шіркеуінің басшысын және діндарларды осы маңызды оқиғамен құттықтады.
Е. Бабақұмаров тұрғызылған ғибадатхана мегаполиске көрік бере отырып, діндарлардың рухани нығаю орнына айналғанын атап өтті. Православ шіркеуі біздің қоғамдағы конфессияаралық үнқатысуды, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуда және дамытуда маңызды рөл атқарады. Жаңа ғибадатхананың ашылуы бұған ықпал етеді.
Әкімнің орынбасары Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың атынан құттықтау хатын оқып берді.
«Сіздерді және барлық православтарды ғибадатхананың ұлы бағышталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қазақстан қоғамы үшін православтық христиандық дәстүрлі діндердің бірі болып табылады және оның мәдени-тарихи дамуына үлкен үлес қосады», – делінген Алматы әкімінің құттықтау хатында.
Сондай-ақ құттықтау хабарламада Александр Невский ғибадатханасы Алматының маңызды ағартушылық және мәдени орталықтарының бірі, адамдарды дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарға баулитын орын болатыны айтылды.
Астана және Қазақстан митрополиті Александр ғибадатхананың салынуын шын мәнінде халық құрылысы деп атады. Ол ғибадатхананың құрылысына үлес қосқандардың бәріне алғысын білдірді.
Өз кезегінде Алматыдағы Ресейдің Бас консулы Е. Бобров бұл оқиға Қазақстан мен Ресейдің тығыз достығының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Ол Ресейдің Қазақстандағы Елшісі А. Бородавкиннің ресми құттықтауын оқып берді.