Алматыда күнкөріс минимумы өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 23,2 пайызға өскен
Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ілияс Өсеров Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ілияс Өсеровтың хабарлауынша, Алматыда күнкөріс минимумы өткен жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 23,2 пайызға өскен. Бүгінде ол 44 105 теңгені құрайды.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Алматыда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен 87 мыңнан астам адам тұрады. Яғни, қала халқының жалпы санының 4,4%-ы. Азаматтардың осы санатына АӘК төлеу (2,6 млрд бөлінді), жұмысқа орналасуға көмек, бизнес жобаларды іске асыру үшін гранттар беру (7,3 млрд жіберілді) түрінде жан-жақты қолдау көрсетіледі.
"Ең төменгі күнкөріс деңгейінің есебіне азық-түлік те, азық-түліктік емес тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын шығындар да кіреді", - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары.
Оның үстіне, Мемлекет басшысының соңғы Жолдауы барысында ең төменгі жалақы мөлшері 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін артатыны айтылған еді.