Жаңартылған кітапханалардың саны жыл сайын көбейіп келеді
25 қаңтарда БАҚ өкілдеріне арналған пресс-тур барысында «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында жаңартылған төрт кітапхананың таныстырылымы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев кітапханалар жұмысының жаңа форматымен танысқан болатын. Ол кітапханалар базасында жаяу қашықтықта балалар мен жастардың бос уақыттарын өткізу орталықтары құрылатындығын атап өтті. Жалпы, жаңартудан кейін оқырмандар саны 25%-ға, ал бір жерде 50%-ға дейін артты.
Кітапханаларды жаңарту қызметтердің заманауи спектріне арналған «Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру, қарым-қатынас, оқуға шығармашылық атмосфераны құру, кітапханаларға деген жоғары сұранысты қамтамасыз ету, сондай-ақ жаңа диалог пен мәдени алаңдардың жұмысы аясында 2017 жылы басталды. Жаңартудың мақсаты – кітапханалардың жаңа моделін құру, жұмыстың инновациялық түрлерін дамыту.
Жаңартылған кітапханалардың саны жыл сайын көбейіп келеді. Сонымен, бүгінде Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің 25 кітапханасының 16-сы жаңа форматта жұмыс істейді. Егер жаңартудың бірінші жылы тек бір кітапхана – Жамбыл ат. қалалық жасөспірімдер кітапханасы ғана жаңартылса, 2019 жылы бес кітапхана жаңартылды. Бұлар №15,20,24,32,33 кітапхана-филиалдары. Ал 2020 жылы он кітапхана жаңартылды: А. Чехов ат. Орталық қалалық кітапхана, Қазақстандық жазушылар кітапханасы, Крылов ат. қалалық балалар кітапханасы, №1, 4, 6, 26, 29, 30, 44 кітапхана-филиалдары. 2021 жылы тағы үш кітапхананы жаңарту жоспарланып отыр: С. Бегалин ат. орталық қалалық балалар кітапханасы мен № 39,14 кітапхана-филиалдары.
Жаңа кітапханалар тек сыртқы түрі мен жаңа келбетін өзгертіп қана қоймай, жұмыс режимін де өзгертті, бұдан былай кітапханалар күн сайын сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, аптасына жеті күн жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар әр нысанда әртүрлі үйірмелер мен клубтар ашылады. Мысалы, «Отбасы бөлмелері» f – мұнда бүкіл отбасының бос уақытына көңіл бөлінетін болады. Кітапханаларда кең ауқымды мамандардың: жазушылардың, суретшілердің, өнертанушылардың, ғалымдардың, блогерлердің, еріктілердің диалог алаңына айналатын іс-шараларды белсенді форматта өткізу жоспарлануда. Барлық іс-шаралар карантиндік шектеулерге сәйкес жүзеге асырылады. Әр түрлі жастағы балалар үшін көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Мысалы, балаларға арналған түрлі тренингтер, квесттер өтеді. «Ағылшын тілі», «Моншақпен өру», «Оригами», «Сурет салу», «Шахмат» және осы сияқты басқа тегін үйірмелердің жұмысы жүргізіледі. Сонымен қатар, оқырмандар түрлі кештерге, ақындармен, жазушылармен кездесулерге, жаңа кітаптардың тұсаукесерлеріне қатыса алады.
Жаңартылғаннан кейін әр кітапханада орын саны көбейіп, жеке жұмыс, байланыс, іс-шаралар мен интернет бөлмелері үшін әр түрлі бұрыштар құрылды.
«Алматы қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің» барлық қызметі балалар мен жастардың өмірге дайындалуына көмектесуге, оларды оқуға баулуға, әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыруға бағытталған.