Тексеру тұрғындардың өтініші бойынша жүгізілді
Биыл қарашада Алматыда құрылысы ұзаққа созылған нысандарды жоспардан тыс тексеру басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала құрылысын бақылау басқармасына сілтеме жасап.
Тексеру тұрғындардың өтініші бойынша басталады. Аяқсыз қалған нысандар көбінесе балалардың ойын алаңына айналады.
Тексеріс нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жоюға ұйғарым берілетіні және қажет болған жағдайда оны мәжбүрлеп орындауға сотқа талап-арыздар жіберілетіні хабарланады. Бұл ретте, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін нысандардың жай-күйі жайлы сараптама қорытындысы болса сағызша созылған құрылысты бұзуға болады.
Құрылыс нормасына сәйкес, нысанды салу жұмыстары тоқтатылған немесе 6 айдан астам мерзімге созылған кезде нысан консервациялануы қажет. Яғни, құрылыс үшін пайдаланылған нысан мен аумақ негізгі құрылымдардың беріктігін, тұрақтылығын және сақталуын қамтамасыз ететін күйге келтірілуі керек. Нысан халық пен қоршаған орта үшін қауіпсіз болуы керек. Консервациялау кезінде құрылыс салушы (тапсырыс беруші) немесе уәкілеттік берген ұйым бұл жұмысты қамтамасыз етеді. Бұл ретте, алаңның қоршауында мін болмауы керек, алаңға өтетін жолдар мен өтпелер жабық болуға тиіс.
Қалада 1988 жылдан бастап консервацияланған 17 құрылыс нысаны бар:
1. Халыққа қызмет көрсету нысаны бар қонақ үй салу.
Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 213
Тапсырыс беруші: «MELROY GROUP» ЖШС
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2016 жылы басталып, 2018 жылы тоқтатылды.;
2. Ғимаратты реконструкциялау.
Алмалы ауданы, Панфилов көшесі, 156
Меншік иесі: жеке тұлға
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2015 жылы басталып, 2015 жылы тоқтатылды.;
3. 8 қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысы.
Алмалы ауданы, Амангелді көшесі, 52 Төле би көшесінің қиылысы
Тапсырыс беруші: «Алматыгорремстрой» АҚ
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2000 жылы 9-қабат деңгейінде тоқтатылды;
4. Бизнес орталықтың құрылысы.
Алмалы ауданы, Абай даңғылының оңтүстігі, Тілендиев көшесінің батысы
Тапсырыс беруші: «Қуат корпорациясы» АҚ
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2006 жылы басталды, 2008 жылы 10-қабат деңгейінде тоқтатылды;
5. 170 орындық жатақхана салу.
Алмалы ауданы, Масанчи көшесінің батысы, Жамбыл көшесінің солтүстігі.
Тапсырыс беруші: «А.В.Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» РМК
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2014 жылы басталып, 2-қабат деңгейінде тоқтатылды;
6. Зертханалық-клиникалық корпусты кеңейту.
Алмалы ауданы, Шәріпов көшесінің батысы, Құрманғазы көшесінің оңтүстігі
Тапсырыс беруші: ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 1983 жылы басталып, 1988 жылы тоқтатылды;
7. Қызмет көрсету нысаны және жерасты паркингі бар нысан. Бостандық ауданы, Сәтбаев 29Г
Тапсырыс беруші: «РАМУТ» ЖШС («Esentay Stroy» ЖШС)
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2014 жылы басталып, 2016 жылы 1-қабат деңгейінде тоқтатылды;
8. Халыққа қызмет көрсететін ғимарат салу. Бостандық ауданы, Гагарин даңғылы, 270
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2015 жылы басталып, 2016 жылы 3-қабат деңгейінде тоқтатылды;
9. Көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы.
Бостандық ауданы, Тимирязев көшесінің оңтүстігі, Сейфуллин даңғылының шығысы
Тапсырыс беруші: «Menessa» ЖШС.
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2022 жылы басталып, 2023 жылы шұңқыр деңгейінде тоқтатылды;
10. Көпфункционалды тұрғын үй кешенінің құрылысы. едеу ауданы, Достық даңғ.шығ, Ньютон к-нің оңт.
Тапсырыс беруші: жеке тұлға
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2005 жылы басталып, 2007 жылдан бастап әрлеу жұмыстары сатысында тоқтатылды;
11. Тұрғын үй кешенінің құрылысы.
Медеу ауданы, «Горный гигант» ӘКК, Достық даңғылы батысы.
Тапсырыс беруші: «Cargo Rich Soul Group» ЖШС
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2015 жылы басталып, 2016 жылдан бастап 1-қабат деңгейінде тоқтатылды;
12. Бес қабатты паркинг салу.
Медеу ауданы, Әл-Фараби солт, Меңдіқұлов көшесі бат.
Тапсырыс беруші: «Серт» АҚ
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2007 жылы басталып, 2009 жылдан бастап 2-қабат деңгейінде тоқтатылды;
13. Жазғы саябағы бар мейрамхана кешенінің құрылысы.
Медеу ауданы, Горная көшесі, «Самал» мейрамханасының оңт-бат., Медеуге барар жолда
Тапсырыс беруші: «Іле Корпорациясы» ЖШС
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2012 жылы басталып, 2013 жылдан бастап 2-қабат деңгейінде тоқтатылды;
14. Әлемдік деңгейдегі колледждің 1-кезегінің құрылысы.
Медеу ауданы, Алатау кенті, ИТП АЭА
Тапсырыс беруші: «Алматы» ӘКК» АҚ, (бұрын - Астана қ. «Кәсіпқор Холдингі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы)
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2014 жылы басталды, 2015 жылдан бастап 2,6 қабат деңгейінде тоқтатылды;
15. Ғылыми-зерттеу орталығының құрылысы.
Медеу ауданы, Ибрагимов көшесі, 9
Тапсырыс беруші: «Инновациялық және ақпараттық технологиялар орталығы» ЖШС, құрылтайшысы – «Нұрсұлтан Назарбаевтың білім беру қоры» ҚҚ
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2014 жылы басталып, 3,5 қабат деңгейінде тоқтатылды;
16. Қолданыстағы 125 орындық ғимаратқа қосымша құрылыс.
Медеу ауданы, Горная 440
Тапсырыс беруші: «Балбұлақ» республикалық балаларды оңалту орталығы» РМК
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2006 жылы басталды, 2008 жылы 1-қабат деңгейінде тоқтатылды.;
17. Әскери гарнизонда 120 пәтерлік 2 тұрғын үйдің күрделі құрылысы.
Түрксіб ауданы, Красногорская көшесі, 52/1, 52А.
Тапсырыс беруші: ҚР Қарулы Күштерінің әскерлерді пәтерге орналастыру бас басқармасы
Техникалық жағдайы: ҚМЖ 2012 жылы басталып, 2014 жылы әрлеу жұмыстары сатысында тоқтатылды.
Алматының қала құрылысын бақылау басқармасы тексеріс жалғасатынын, оның келесі кезеңдері мен нәтижесі туралы қосымша хабарланатынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Алматыда 700 бірлік контрафактілік өнім тәркіленді