Алматы әкімдігінде әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды

Алматы әкімдігінде әлеуметтік серіктестік және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері қаралды
Мақсат Қиқымов пандемия жағдайында жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету мәселелері бірінші орынға қойылғанын атап өтті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

2021 жылғы 16 сәуірде Алматы қаласында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мақсат Қиқымовтың төрағалығымен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөнінде  үшжақты комиссияның отырысы өтті. Отырыс барысында әлеуметтік әріптестер қала әкімдігі, «Алматы қаласының Кәсіподақ орталығы» Аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, «Алматы кәсіподақтар одағы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және 2021-2023 жылдарға арналған «Қазақстан Республикасы Жұмыс берушілердің (Кәсіпкерлердің) Ұлттық Конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігі Өңірлік келісімге қол қойды.

Сондай-ақ, отырыстың күн тәртібінде еңбек қатынастарын еңбекақы төлеу бөлігінде реттеу жөніндегі бірқатар маңызды мәселелерді қамтылды.

2018-2020 жылдарға арналған өңірлік Келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуына, сондай-ақ ҚР Үкіметі, қызметкерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы Бас келісімнің бекітілуіне байланысты 2021-2023 жылдарға арналған жаңа өңірлік келісімге қол қою қажеттілігі туындады.


Келісім аумақтық кәсіподақтар бірлестіктерімен, заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп, Халықаралық еңбек ұйымының лайықты еңбек тұжырымдамасы қағидаттары негізінде әзірленді және әлеуметтік әріптестікті жетілдіруге, халықты тиімді жұмыспен қамтамасыз етуге, лайықты жағдайлар мен еңбекақы төлеуге бағытталған.

Жаңа келісімнің міндеті жұмысшылардың қолайлы және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, алматылықтардың әлеуметтік-еңбек құқықтарын қорғауда жоғары нәтижелерге қол жеткізу болып табылады.

Мақсат Қиқымов пандемия жағдайында жұмыс орындарын сақтау, жалақыны уақтылы төлеуді қамтамасыз ету мәселелері бірінші орынға қойылғанын атап өтті. Сондай-ақ, жұмыс берушілердің де, қызметкерлердің де мүдделерін білдіретін кәсіподақтардың үлесі атап өтілді.

Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшысының орынбасары Д. Әлкебайұлы қала кәсіпорындарында, оның ішінде банкрот кәсіпорындарда жалақы бойынша берешекті өтеу туралы баяндама жасады.

Жыл басынан бері еңбек инспекторлары 970 өтінішті қарады, еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған 80 тексеру жүргізілді, 55 бұзушылық анықталды, 3,8 млн теңгеге 23 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жалақы бойынша берешек 289,1 млн теңгеге төмендетілді, осылайша 1507 қызметкердің еңбек құқықтары қорғалды.

Отырыс барысында қызметкерлердің жалақысын төлемеу мәселелері бойынша ұжымдық өтініштер қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша әкім орынбасарына жалақыны уақытылы төлеуді қатаң бақылауға алу, жанжалдарға жол бермеу бойынша жедел әрекет ету шараларын қабылдау тапсырылды және әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Новости партнеров