Алматы қаласындағы аудан әкімдері көпбалалы аналармен кездесті

01.08.2022 23:17

Қала әкімі 2022 жылдың тамыз айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесу кестесін бекітті

el.kz

Алматы қаласындағы  аудан әкімдері көпбалалы аналармен кездесті,деп хабарлайды Almaty.tv.

Аудан тұрғындарымен кездесу барысында көптеген өтініштерге байланысты Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев аудан әкімдеріне көпбалалы аналармен ай сайынғы кездесулер ұйымдастыруды тапсырған еді.

Алматы қаласының әкімі бекіткен кестеге биыл шілде айында аудан әкімдері көпбалалы аналармен 8 кездесу өткізді.

Кездесуге барлығы 99 көпбалалы отбасы келді, әкімдерге 126 сұрақ қойылды. Оның ішінде 52 сауалға түсініктеме берілді, 37 сұрақ кездесуден кейін пысықталды, тағы 37-сі жұмыс үстінде.

Негізгі сұрақтар:

  • тұрғын үй алу (кезекке қою) – 30 (24%);
  • білім беру (балаларды мектептер мен балабақшаларға орналастыру, мектеп формасы, Artsport бағдарламасы) – 29 (23%);
  • әлеуметтік жәрдемақылар (АӘК, азық – түлік жиынтықтары) – 25 (20%);
  • ТҮКШ және абаттандыру (газды қосу, сумен жабдықтау және су бұру) – 14 (11%);
  • жұмысқа орналастыру – 15 (12%);
  • басқалары – 13 (9,5%).

Қала әкімі 2022 жылдың тамыз айына аудан әкімдерінің көпбалалы аналармен кездесу кестесін бекітті: