Карантин: Алматы мешіттері қайта ашылуға 100 пайыз дайын

18.08.2020 в 00:28

Бұл туралы Орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкірекбаев мәлімдеді

Алматы мешіттері карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін қайта ашылуға 100 пайыз дайын. Бұл туралы Орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкірекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда барлық Алла үйлеріне демеушілердің көмегімен дезинфекциялық құралдар сатып алынған. Ал, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының құлшылық үйлерді кезең-кезеңімен ашу туралы ұсынысын мемлекеттік коммисия құптады. Әзірге, қашан ашылатыны белгісіз. Сондай-ақ, наиб имам діни іс-шаралар өткізу кезінде санитарлық шараларды қатаң ұстау қажеттігін де тілге тиек етті.            

«Қазақ «Сақтансаң, Құдай сақтайды», – деп айтады. Сондықтан сақтану керек. Біз карантин алынды деп босаңсымауымыз керек. Шама келгенше үйде, жақын ағайын туысқандармен, қолдан келгенше көп жиналмауға, адамдарды топтастырмауға тырысуымыз қажет», – деді қалалық Орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкірекбаев.