Алматы қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарын іске асыру аясында Бостандық ауданындағы Орбита-3 шағын ауданында 480 орындық жаңа балабақша ашылады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматы әкімі Ерболат Досаев жұмыс сапары барысында мектепке дейінгі мекемені салу жөніндегі жоспармен танысты. Балабақша 2 га алаңда орналасқан 2 ғимараттан тұратын бұрынғы №1 балалар үйінің орнында салынады
Нысан 2021 жылы коммуналдық меншікке берілді. Құрылыс басқармасы білім басқармасымен бірлесіп ғимаратты қайта құру туралы шешім қабылдады. Құрылыс басқармасының басшысы Алмас Шабдарбаев қала басшысына жобаға сәйкес нысанда үй-жайларды қайта жоспарлау, тірек конструкцияларын күшейту, қолданыстағы галереяны бұзу және аумақты абаттандыру қарастырылғанын баяндады.
Бұрынғы балалар үйінің бос тұрған ғимаратын балабақшаға қайта жаңарту мектепке дейінгі мекемелердегі орын тапшылығын 25% пайыз төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Бостандық ауданында 2 мыңнан астам балабалабақшаға кезекте тұр. Қала басшысы мердігерді анықтау рәсімін жеделдетуді және ағымдағы жылдың соңына дейін конкурс өткізуді тапсырды. Құрылыстың нормативтік мерзімі - 12 ай. Осылайша, нысанды тапсыру мерзімі 2024 жылдың соңы мен 2025 жылдың басына белгіленген.
Анықтама:
Бостандық ауданында биыл 603 орындық қосымша 15 жеке балабақша ашылды. "Акварель" тұрғын үй кешенінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында 300 орындық №189 балабақша пайдалануға берілді. Навои көшесіндегі №113 бөбекжай ғимаратын сейсмикалық күшейту және күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады.