Ермұрат Бапи Көкқайнар ықшамауданы тұрғындарымен кездесті

06.07.2024 00:50

Мәжілісмен көпшілікпен осы мәселе төңірегінде тілдесті

Almaty.tv

Мәжіліс депутаттарының өңірлерге сапары жалғасып жатыр. Күні кеше Ермұрат Бапи Алматының Алатау ауданындағы Көкқайнар ықшамауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Есте болса, мамырда нөсер жауынның салдарынан мұндағы бірнеше үйді су басқан. Мәжілісмен көпшілікпен осы мәселе төңірегінде тілдесті. Ол тұрғындардың сауалына жауап қатып, түйінді тарқатуға атсалысатынын айтты. Жергілікті әкімдік те мәселені біржақты ету үшін жұмыс атқарылып жатқанын жеткізді.

«Мен қалалық әкімшіліктің басшыларымен сөйлестім. Тамызда осы мәселе бойынша әкімшілікке кіріп күзге дейін мәселесін шешеміз», – деді  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи.

«Жобада Боралдай өзенінің жағалауын нығайту, арнасын кеңейту, түбін тереңдету жұмыстары көзделген. Жобалау мердігерін анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүргізуге өтінім берілген болатын. Конкурстық рәсімдер аяқталғаннан кейін, жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу бойынша жұмыстар атқарылатын болады», – деді Экология және қоршаған орта басқармасы су ресурстары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Еркебұлан Омаров.

Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты Қаражал қаласының тұрғындарымен кездесті