Мәреге жеткендердің барлығы лайықты медальға ие болды
Алматыда City Run 2023 жарысы өтті. Мәреге жеткендердің барлығы лайықты медальға ие болды. Қолайсыз жаңбырлы ауа-райына қарамастан 2000-нан астам жүгіру әуесқойы спорт мерекесіне қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Мәреге жеткеннің барлығы лайықты медальға ие болды, ал жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
- Биыл біз алғаш рет алғыс білезіктерін енгіздік. Бұл біздің еріктілердің ризашылық білдірудің ерекше тәсілі болды. Сондай-ақ скандинавиялық жүру бойынша жаппай Қазақстанның рекордын орнаттық. Біз барлық қатысушыларға, серіктестерге және еріктілерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтамыз. Сіздерсіз маусым жарқын әрі есте қаларлық болмас еді, - деді " Алматы Марафонының " race-director Салтанат Қазыбаева.
Сity Run – бұл қаланың дәл ортасында өтетін маусымның соңғы жүгірісі. Жүгіру әуесқойлары үшін екі қашықтық ұсынылды – 10 км және 5 км скандинавиялық серуендеу.
Оқи отырыңыз: Қазақстандық шахматшылар екі алтын алды