Орталықта балалар қазақша күрес пен самбо сынды қоянқолтық жекпе-жек үйірмелеріне қатысады
Алатау ауданына қарасты Әйгерім шағын ауданында жастарды салауатты өмір салтына баулитын тегін спорт орталығының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Орталықта балалар қазақша күрес пен самбо сынды қоянқолтық жекпе-жек үйірмелеріне қатысады. Спорттық нысанның тұсаукесеріне қолдау көрсеткен Алатау әкімдігі, аудан ақсақалы, іргетасын қалаған меценаттар қатысып, жастарға ізгі тілектерін жолдады.
«Егер жастарымыз спортпен шұғылданып, біздің көк туымызды дүниежүзіне әйгілі етіп, олимпиадада жеңіске жетіп жатса, біз тек қана оған қуаныштымыз, қуанамыз», – деді Алатау аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Құдайберген Қабдолдин.