Алматыда жолды сапасыз салған 6 мердігер ұйым лицензиясынан қағылды

Алматыда жолды сапасыз салған 6 мердігер ұйым лицензиясынан қағылды
Жұмыс істеу құқынан айырылған мердігер мекемелердің қатарында Төле би көшесіндегі жұмыстарды жүргізгендер де бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сапасыз жолдарды салған 6 мердігер ұйым лицензиясынан қағылды. Жауапсыз компаниялар құрылыс нормалары мен ережелерін өрескел бұзғаны үшін жобадан шеттетілген. Бұл туралы қала құрылысын бақылау басқармасындағылар мәлімедеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жұмыс істеу құқынан айырылған мердігер мекемелердің қатарында Төле би көшесіндегі жұмыстарды жүргізгендер де бар. Тексеру нәтижелері бойынша бұл ұйым инженерлік желілерді салуда өрескел олқылықтарға жол беріп, құрылыс лицензиясынан айырылған. Қала әкімінің тапсырмасы бойынша қазір мегаполисте жол жөндеу, әсіресе жол жамылғысын қопарып тастау ісі ерекше бақылауға алынды. 

«Қала құрылысын бақылау басқармасы биыл 6 мердігер компанияны лицензиясынан айырды. Олардың жасаған жұмысы сапасыз, мәселен асфальт төсендісінің қалыңдығы сәйкес келмейді, жол жамылғысын қайта дұрыс төсемеген. Төле би көшесінде жұмыс істеген мердігер ұйым тесу тәсілімен жүріп өтіп кете берген. Сол үшін олар әкімшілік жазаға тартылды. Бұл заң бұзушылық болып есептеледі. Тағы 3 компанияға қатысты іс сотқа жіберілді»,– деді Қала құрылысын бақылау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Төлебаев.

Мердігер ұйымдардың салғырттық танытып, сапасыз орындаған жұмысына қала тұрғындарының да көңілі толмайды. Жылда қазбалап, бастаған істері аяқсыз қалып жатады дейді. 

«Ақбұлақтың көшесінің бәрі осылай болып жатыр. Оны жөндеуге әлі ешкім келмеді. Мына көше де сондай, ар жақ көше де сондай»,– деді қала тұрғыны Әсет Әнуарбеков.

«Дорога на самом деле плохая. Люди не довольны. Они хотят нормальные дороги. Там еще хуже, там еще больше ямы»,– деді қала тұрғыны Надир Саипов.

«Көшемізді көріп тұрсыздар ғой, жазда істесе, онда да жазда істемейді, күн салқындағанда күзде бастайды, оның құны қыста түсіп кетеді. Сапасы нашар шындығын айтқанда»,– деді қала тұрғыны Алтынкүл Төлегенова.

Новости партнеров