Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаяужол салынады
Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі аралықты жөндеу маусымның 4-і басталады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Жоспар бойынша, қосымша екі жолақ қосылып, жол жиегіне жарық орнатылады. Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жаяужол салынады. Қазір мұнда 4 жолақ арқылы күніне 40 мың көлік қатынаса, оны 6 жолаққа кеңейту арқылы бұл көрсеткішті 80 мыңға жеткізу көзделіп отыр.
- Жол бойын қайта жаңарту жұмыстары үш кезеңнен тұрады. Бірінші - жолдың батыс жағы, екінші – орталық бөлігі, үшінші – шығыс жағында жұмыс істеледі. Бірақ, біз жол қозғалысын шектемейміз. Екі бағытта да көлік қатынайды. Әр кезеңдегі жұмыс ұзақтығы 1 айға созылады. Ал 1 қыркүйекке дейін жолды қайта ашамыз, - деді Жол инфрақұрылымын дамыту бөлімінің басшысы Айдос Желдікбаев.
Оқи отырыңыз:Халықаралық тәжірибе ескеріледі: Алматыда көлік қатынасын дамыту мәселесі қаралды