|
20.07.2020 | 18:33
1267

28-кезең: Алматыда тұрғын үйлер мен балалар ойын-алаңын дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда

Медеу ауданында 829 тұрғын үй мен 4 мыңнан астам подъезд бар

28-кезең: Алматыда тұрғын үйлер мен балалар ойын-алаңын дезинфекциялау жұмыстары жалғасуда inform.kz

Алматыда тұрғын үйлер мен балалар ойын-алаңын дезинфекциялау жұмыстары тоқтаған жоқ. Қазір қалада залалсыздандыру жұмыстарының 28-кезеңі жүріп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv

Мәселен, Медеу ауданында 829 тұрғын үй мен  4 мыңнан астам подъезд бар. Тұрғын үйлерді заласыздандырушы ұйым өкілдері аптасына 2 рет тазалайды. Ауданға 40 адамнан құралған 7 бригада жұмылдырылған. Бұл коронавируспен қатар, өзге де жұқпалы аурулардың алдын-алуға бағытталған жұмыс дейді мамандар.  

«Пайдаланып жатқан химиямыздың аты – глюзамен. Сертификаты бәрі бар. Глюзаменді таза қолданбаймыз. Дайындалған растворға 0,5 пайыз қосамыз. 10 литр суға 50 милилитр раствор қосамыз. Сонымен тұрғын үйлерді дезинфекциялап шығамыз», – деді дезинфекциялаушы ұйымның директоры Гүлмира Сейтемова.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир