ТЖО-дан өрт шығып, 2 көлік жанып кетті

10.08.2021 23:34

Салдарынан 600 шаршы метрден астам аумақ өртенген

пресс-служба ДЧС Алматы

Алматыда техникалық жөндеу орталықтарының бірінен өрт шығып, 2 көлік жанып кетті. Оқиға бүгін түскі сағат 12.00-мен 13.00-дің аралығында Бегелдинов көшесінің бойындағы ғимараттардың бірінде болған. Салдарынан 600 шаршы метрден астам аумақ өртенген. Әзірге тілсіз жаудың неден шыққаны белгісіз. Ең бастысы зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Almaty.tv.

«10 тамызда сағат 12:42 де аталған жайт бойынша хабарлама түсіп, 7 минутта оқиға орнына бардық. Өртті сөндіру үшін 17 техника мен 60-тан астам адам жұмылдырылды. Қызыл жалын толықтай 13:37-де сөндіріліп, қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деді Медеу аудандық ТЖ басқармасының басшысы Ержан Құрманбаев.