Түрксіб ауданындағы су қоймаларын тазалау жұмысы қалай жүріп жатыр

27.04.2022 в 23:35

Ауданда Бас Қарасу, Сұлтан Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай және Мойка өзендерінің арнасы бар

Ауданда су қоймаларын тазалау жұмысы басталып кетті. Бұл туралы аудан әкімі Бақытжан Ақжаров өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Байқау қорытындысы бойынша аудан аумағында орналасқан өзен арналарының бойында күнделікті жұмыстарды жүргізетін мердігер ұйым таңдалды", - деп жазады Бақытжан Ақжаров.

Еске салайық, бізде Бас Қарасу, Сұлтан Қарасу, Кіші Алматы, Жарбұлақ, Есентай және Мойка өзендерінің арнасы бар.

"Бір айта кетерлігі, жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, су қоймаларынан күнделікті тұрмыстық қалдықтар шығарылуда. Біз тұрғындарды табиғатқа мұқият қарауға және мүмкіндігінше су айдындарын ластау фактілеріне жол бермеуге шақырамыз", - деді аудан әкімі.