|
13.04.2022 | 18:47
3462

Алматы әкімі Ерболат Досаев Еуропарламент депутаттарымен кездесті

Еуроодақ біздің еліміздің жаһандық сауда-экономикалық әріптестерінің бірі және Қазақстанның басты инвесторларының тізіміне кіреді

Алматы әкімі Ерболат Досаев  Еуропарламент депутаттарымен кездесті Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімі Ерболат Досаев Еуропарламент депутаттарымен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы қарқынды және дамып келе жатқан ынтымақтастықты атап өтті.
Еуроодақ біздің еліміздің жаһандық сауда-экономикалық әріптестерінің бірі және Қазақстанның басты инвесторларының тізіміне кіреді. Тауар айналымы 2021 жылы 28,9 млрд АҚШ долларына жетті, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 17,9%-ға жоғары. Алматыда ЕО елдері капиталының қатысуымен 713 бірлескен кәсіпорын және 1699 (Қазақстандағы 695 компаниядан) компания тіркелген.

Қала басшысы Еуропалық парламент делегациясының мүшелерін Алматы экономикасын қалпына келтіру жұмыстары, қаланы әлеуметтік-экономикалық дамытудың алдағы жоспарлары туралы хабардар етті. 

Сондай-ақ, кездесу барысында азаматтық қоғамдастықпен және үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) өзара іс-қимылды жандандыру мәселелері көтерілді, олардың бүгінде қалада 4 мыңнан астамы бар (республика бойынша жалпы санының 20%-ы, ҚР-да-19 мыңнан астам). Кездесу соңында тараптар экономиканың басым бағыттары және адам құқығы мен бостандығын қорғау саласы бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир