12 қабатты нысан сәулет нормаларына сай болмай шыққан
Алматының Бостандық ауданында тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылд. Сәтпаев көшесі бойында тұрғызылуы керек болған 12 қабатты нысан сәулет нормаларына сай болмай шыққан. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қадағалау органы эскиздік жобада халық саны мен құрылыс тығыздығының параметрлері ескерілмегенін алға тартады. Бұл өз кезегінде балабақшалар мен жалпы білім беретін мектептердің тапшылығына алып келуі мүмкін.
«18 тамыз күні Бостандық ауданы прокуратурасының эскиздік жобаны келісу бойынша уәкілетті органның іс-әрекетін заңсыз деп тану туралы талап арызы сот шешімімен толық көлемде қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енген жоқ. Прокуратура шағынаудан тұрғындарының тілектері мен әлеуметтік мәселелерін ескере отырып, осы нысанның құрылыс тұжырымдамасын қайта қарау қажет деп санайды», – деді Бостандық ауданы прокурорының орынбасары Нұржан Қазантаев.