Алматыдағы игі дәстүр: Жетісу ауданының тұрғындары 100 алма ағашын отырғызды

27.04.2024 23:42

Іс-шараға аудан жастары да белсенді қатысты

пресс-служба акима Алматы

Жетісу ауданына қарасты «Көкжиек» сквері мен Серіков көшесінің бойында 350 көшет отырғызылды. Соның ішінде 100 алма ағашы мен 250 бұта бар, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға аудан жастары да белсенді қатысты.

- Біздің ауданда жыл сайын ағаш отырғызудың жақсы дәстүрі қалыптасқан. Қала әкімдігінің Алматының Алма қаласы ретіндегі даңқын жандандырудағы ниеті қуантады!  Біз бәріміз алма көшеттерін отырғызуға қуана атсалыстық, - деді аудан тұрғыны Пернегүл Аманова.

Сонымен қатар, тұрғындар үшін интерактив ұйымдастырылды. Мұнда қатысушылар Алматы қаласы туралы сұрақтарға жауап берді.

Отырғызылған ағаштарды бақылау әрі күту толығымен мердігерлік ұйымға жүктелетінін ескертеміз. Жыл бойы ол ағаштарға күтім жасалынады. Ағаштарды суғару, тыңайтқыш пен магистральдық шеңберлерді аэрациялаумен қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес, барлық ағаштар кепілдікке ие әрі жыл сайын өмір сүру деңгейіне комиссиялық тексеру жүргізіледі. Көшеттер солып қалған жағдайда, мердігер ұйым кепілдік міндеттемелерін қайтадан қамтамасыз ете отырып, оларды жаңасымен алмастыруға міндетті.

Естеріңізге сала кетейік, акция барысында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Соның ішінде 4 мыңнан астам алма ағашы. Ал «Қарағай орманы» саябағының аумағында 500 алма мен өрік көшеттері, «ALA» саябағының аумағында 2270 көшет және Боралдай өзенінің бойындағы бақылау алаңында мыңға жуық көшет отырғызылды. Акция «Таза Қазақстан» республикалық науқаны және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында өтуде.