304 нысан тексерілді: Алматыда карантин талаптарының сақталуын 41 мобильді топ бақылайды

Фото: РСК Алматы
Фото: РСК Алматы
97 кәсіп иесіне әкімшілік жаза қолданылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Карантин мен санитарлық-эпидемиологиялық заң бұзушылықтарды анықтау үшін Алматы қаласында 41 мобильді топ жұмылдырылған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрамында әкімдік өкілдері, санитар мамандар мен жергілікті полиция қызметкерлері бар топ бүгінде 304 нысанға бақылау жүргізген. Оның ішінде талаптарды орындамаған 24 орынның жұмысы тоқтатылды. Ал 97 кәсіп иесіне әкімшілік жаза қолданылыпты. Бұдан бөлек мониторингтік топ жұмыс істеуге рұқсат етіліп, бақыланып отырған 200-ге жуық мекемеге түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

Графика:

Карантин және санитарлық-эпидемиологиялық заң бұзушылықтарды анықтау жұмыстары

41 мобильді топ

304 нысан тексерілген

24 нысанның жұмысы тоқтатылды: 16  – Алатау ауданы, 8  – Әуезов ауданы

97 әкімшілік хаттама толтырылды:

20  – Алатау ауданы

20  – Алмалы ауданы

27  – Бостандық ауданы

9  – Жетісу ауданы

9 – Медеу ауданы

1  – Наурызбай ауданы

11 – Түрксіб ауданы

191 нысанға  түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Новости партнеров